Астанада Парламенттік реформа мәселелері жөніндегі жұмыс тобының бесінші отырысы өтеді
EL.KZ Информационно-познавательный портал
2026 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Кариннің төрағалығымен Парламенттік реформа мәселелері жөніндегі Жұмыс тобының кезекті, бесінші отырысы өтеді. Бұл туралы Парламентаризм институтына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Отырыс барысында Парламенттің кадрлық мәселелерге қатысты өкілеттіктері талқыланатын болады, - делінген мәліметте.
Еске сала кетейік, Жұмыс тобының алдыңғы отырыстарында болашақ бірпалаталы Парламенттің атауы мен өкілеттіктері, депутаттарға қойылатын біліктілік талаптары, оларды сайлау тәртібі, квоталау мәселелері, сондай-ақ жаңа бірпалаталы заң шығару органының заң шығару қызметінің негізгі қырлары қамтылған бірқатар өзекті тақырыптар қаралған болатын.

