Астанада ойыншық қару ұстап жүрген жасөспірім ұсталды
09.01.2025 18:09
Фото:
Polisia.kz
9 қаңтарда Астанада полиция қызметкерлері Мұхамеджанов көшесінде камуфляж киім киген және қаруға ұқсас зат ұстаған адам жүр деген хабарламадан кейін тез арада жасөспірімді ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ІІМ мәліметінше, тексеру барысында анықталғандай, оның қолындағы зат интернет арқылы сатып алынған страйкболға арналған қару макеті болып шықты.
Жасөспірім жоспарланған ойынының болмайтынын білгеннен кейін үйіне қайтып бара жатқанын айтты. Полицияға жасөспірімнің заңды өкілдері шақырылды, - делінген мәліметте.
Тексеру жүргізілуде.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

