Астана қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, ауа райының нашарлауына байланысты жол-көлік оқиғалары жиілеп кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өткен демалыста елорда жолдарында 200-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелді. Осы орайда жүргізушілерге барынша мұқият және сақ болуды, белгіленген жылдамдықты сақтап, қауіпсіз арақашықтықты сақтауға ескертеміз. Қиылыстарға, жаяу жүргіншілер өткелдеріне және қоғамдық көлік аялдамасына жақындағанда, жылдамдықты алдын ала азайтуды, сондай-ақ кенеттен маневр жасауды болдырмауды ұсынамыз, – деп деді Астана қаласы ПД ЖПҚБ бастығы Ержан Әділбеков.
Сондай-ақ полицейлер жаяу жүргіншілерді де жолда абай болуға шақырды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

