Қорғаныс министрлігі

Астанада өтетін әскери шеруді қайдан көруге болады?

03.05.2025 12:43

Қорғаныс министрлігі Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушы күніне арналған әскери парад өтетінін хабарлайды.

Мерекелік шеру 7 мамырда Астанадағы Тәуелсіздік алаңында өтеді. Салтанатты шараға 4 мыңнан астам әскери қызметші қатысып, 200-ден астам әскери техника, 66 ұшақ пен тікұшақ пайдаланылады.

Отандастарымыз әскери шеруді:

республикалық телеарналардан;

еліміздің барлық қаласындағы LED-экрандардан; 

Қорғаныс министрлігінің ресми YouTube-арнасынан тікелей эфирде көре алады.