Жаңалықтар

Астанада «Өсу нүктесі. Трансформация кезеңі» атты халықаралық конференциясы өтті

Астанада «Өсу нүктесі. Трансформация кезеңі» атты халықаралық конференциясы өтті
Фото: «Қарлығаш» балабақшасы 30.10.2024 13:40 529

Елордада «Қарлығаш» РМК балабақшасының ұйымдастыруымен және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі жанындағы Балалардың ерте дамуы институтының қолдауымен «Өсу нүктесі. Трансформация кезеңі» халықаралық конференциясы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Қарлығаш» балабақшасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, конференцияға Қазақстан, Норвегия, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және басқа да елдерден 100-ден астам қатысушы жиналған.

Астанада «Өсу нүктесі. Трансформация кезеңі» атты халықаралық конференциясы өтті

Астанада «Өсу нүктесі. Трансформация кезеңі» атты халықаралық конференциясы өтті

Суреттер: «Қарлығаш» балабақшасы

Шараның мақсаты – мектепке дейінгі білім беру саласындағы заманауи тәсілдер мен үздік тәжірибелермен алмасу. Қатысушылар мектепке дейінгі білімге қатысты маңызды мәселелер мен оның адам капиталын нығайтудағы рөлін талқылады.

Конференцияда 4 халықаралық және 20-ға жуық қазақстандық спикер сөз сөйлеп, балаларды тәрбиелеу мен дамытудағы үздік тәжірибелерді баяндады. Баяндамалардың тақырыптары мектепке дейінгі білім берудегі жаһандық үрдістерді, норвегиялық және әзербайжандық білім беру жүйелерінің ерекшеліктерін, балалардың экологиялық ойлауын дамытуды, ұлттық ойыншықтардың рөлін, инклюзивті тәсілдерді, сондай-ақ STEAM технологиялары мен басқа да инновацияларды енгізуді қамтыды.

Астанада «Өсу нүктесі. Трансформация кезеңі» атты халықаралық конференциясы өтті

Астанада «Өсу нүктесі. Трансформация кезеңі» атты халықаралық конференциясы өтті

Cуреттер: «Қарлығаш» балабақшасы

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой қатысушыларды қарсы алып, конференцияның Қазақстандағы мектепке дейінгі білім беру саласындағы маңызды оқиғалардың бірі екенін атап өтті.

Осы конференцияны өткізу еліміздің білім берудегі инновацияларды енгізуге деген ұмтылысын көрсетеді. Қазіргі заманғы қоғамның қарқынды дамуы жағдайында білім беру жүйесі де өзгерістерді талап етеді. Бұл алаң барлық қатысушыларға жаңа идеялар мен практикалық шешімдер ұсынатынына және мектепке дейінгі білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенемін, – деді ол.

Аталған шараның аясында әлемдік жетекші сарапшылар, Оқу-ағарту министрлігі өкілдері мен мектепке дейінгі білім беру педагогтарының қатысуымен үш бағытта: медиашығармашылық, ұлттық құндылықтарға негізделген білім беру және экологиялық тәрбие бойынша дөңгелек үстел өтті. «Қарлығаш» балабақшаларында секциялық отырыстар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім беру саласына арналған инновациялық әзірлемелер, оқу-әдістемелік материалдар, танымдық әдебиеттер мен заманауи IT жабдықтары ұсынылған көрме ұйымдастырылды.

Конференциясының қорытынды резолюциясына сәйкес, қатысушылар мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру мақсатында бірқатар шешім қабылдады. Атап айтқанда, отандық және шетелдік ұйымдармен тәжірибе алмасу үшін «QARLYGASH» бірыңғай алаңы дамытылып, педагогтер үшін халықаралық тәжірбиелер, курстар мен семинарлар ұйымдастырылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға