Астанада орталық мемлекеттік органдардың республикалық спартакиадасы басталды
06.09.2025 22:39
Фото:
Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында орталық мемлекеттік республикалық Спартакиаданың ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Биылғы бәсекеде 26 мемлекеттік мекеменің қызметкерлері жүлдені сарапқа салмақ.
«Бұл жарыстың басты мақсаты - спорт арқылы ұжымдық рухты нығайту, салауатты өмір салтын дәріптеу және мемлекеттік қызметкерлер арасындағы достық пен сыйластықты арттыру. Биылғы додада 20-дан астам командадан 1000-ға жуық қатысушы өзара мықтыны анықтайды. Барлықтарыңызға сәттілік, әділ бәсеке және жарасымды жеңістер тілеймін», - деді ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин.
Сайысқа қатысушылар 4-7 қыркүйек аралығында волейбол, футзал, қазақ күресі, үстел теннисі, қол күрес, тоғызқұмалақ, шахмат, 3х3 баскетболдан сынға түседі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

