Жаңалықтар

Астанада өрт сөндірушілерге психологиялық көмек көрсетіліп жатыр

Бұл туралы ТЖМ мәлім етті
Астанада өрт сөндірушілерге психологиялық көмек көрсетіліп жатыр
Фото: gov.kz 30.11.2022 10:37 1986

«Қаһарман» тұрғын үйіндегі өртті сөндіру жұмыстарын жүргізген құтқарушылар психологиялық оңалтудан өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
«Қаһарман» тұрғын үйіндегі өртті сөндіру жұмыстарын жүргізген 10 өрт сөндіруші-құтқарушы ҚР ТЖМ Психологиялық даярлық орталығында психологиялық оңалтудан өтуде.

Психологтар жауынгерлік жолдасынан айырылу кезінде алған күйзелістен оңалту, сондай-ақ оларды психологиялық қорғау мақсатында құтқарушыларға  мамандандырылған психотерапиялық көмек көрсетуде. Аталмыш көмек  құтқарушыларға психологиялық қысымды жоюға және қауіпті, әрі жауапты маман иелерінің алдына қойылған міндеттерді орындауға психологиялық-эмоционалды жай-күйін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Психологиялық даярлық орталығы 2021 жылы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің бастамасымен ТЖМ қызметкерлерінің психологиялық даярлық деңгейін жетілдіру және арттыру мақсатында құрылды.

Орталықтың бірегейлігі – бұл қызметкерлерді психологиялық даярлау жүйесіне инновациялық көзқарас, жаңа қолданбалы технологияларды қолдану, атап айтқанда жедел профайлинг, нейрофизиология және когнитивтік психология саласындағы бірегей әзірлемелер, сондай-ақ орталықтың тәжірибелі психологтары жинақтаған экстремалды психология саласындағы практикалық әдістер.

Арнайы жабдықты қолданумен 5-7 күн бойы өтетін психотерапиялық сессиялар төзімділік жаттығуларын, реакциялардың жылдамдығын, ойлаудың жеделдігін және психо-эмоционалды тұрақтылықты жаттықтыруға бағытталған.
Екінші кезеңде құтқарушылардың отбасы мүшелері психотерапиялық сеанстардан өтетін болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға