Астанада өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды
07.12.2024 02:47
Фото:
Төтенше жағдайлар министрлігі
Астанада бүгін түнде Байқоңыр ауданындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынға оранған үйден 3 газ баллонын алып шықты. Осылайша төтеншеліктер жарылыстың алдын алды.
Өрт аумағы - 40 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ.

