Астанада өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден адамды құтқарды
26.07.2023 14:28
Фото:
Видеодан кадр
Астанада өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден адамды құтқарды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Астана қаласындағы Байтұрсынов көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру бөлімшелері өртеніп жатқан пәтерге барып, тілсіз жаудан 1996 жылы туған пәтер иесін құтқарды.
Оқи отырыңыз:
- Бекболат Тілеухан өзіне жала жабылғанын, ешкімді алдамағанын айтып ақталды
- «Қабырғасы сынып, бауыры ісінген»: Жамбыл облысында әскерге сау кеткен жігіттің жағдайы мүшкіл
Өрт сөндірушілер пәтерге 6 минутта жетіп барды. Олар келгенде өрт 30 шаршы метр жерді алып кетіпті. Үй жиһаздары мен басқа да заттар жанып кеткен екен.
Өрт сөндірушілер тілсіз жауды сағат 16.28 бен 16.44-тің арасында сөндіріп үлгерді. Өртті сөндіруге Астана қаалсы төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамның 22 адамы және 4 техника жұмылдырылды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

