Астана қаласы әкімдігі

Астанада оқушыларға арналған STEM олимпиадасы өтеді

14.10.2025 23:16

Астанада жастар арасында ғылыми-техникалық шығармашылықты дамыту және инженерлік, технологиялық мамандықтарды насихаттау мақсатында 18 қазан күні 8-11 сынып оқушыларына арналған «Білімдегі инновациялар» қалалық STEM олимпиадасы өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігіне сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.

STEM Олимпиадасы оқушылардың ғылымға, технологияға, инженерияға және математикаға деген қызығушылығын арттыруға, зерттеу және жобалау дағдыларын қалыптастыруға, сондай-ақ талантты оқушыларды анықтау мен қолдауға бағытталған.

Іс-шара бағдарламасына кіреді:

  1. Жарыстар: қатысушылар STEM-бағыттары бойынша практикалық тапсырмалар мен жобаларды орындайды.
    2. Дәрістер мен мастер-класстар: тәжірибелі оқытушылар мен салалық сарапшылар ғылым мен технологиядағы заманауи тақырыптар бойынша оқыту сессияларын өткізеді.
    3. Мәдени бағдарлама: іс-шара қатысушыларға арналған ойын-сауық белсенділіктерімен және ойындармен сүйемелденеді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер өз жетістіктері үшін құнды сыйлықтар және дипломдармен марапатталады.

Олимпиадаға елорданың әртүрлі мектептерінен 200-ден астам оқушы қатысады. Олар робототехника, инженерлік іс, бағдарламалау және 3D-модельдеу сияқты бағыттар бойынша жарысады.