Астанада оқушылардың халықаралық Менделеев олимпиадасы өтеді
Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
01.05.2023 13:55
759
Астанада 1-6 мамыр күндері химия пәні бойынша мектеп оқушыларының халықаралық 57-ші Менделеев олимпиадасы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елордадағы пән олимпиадасына әлемнің 20-дан астам мемлекетінен оқушылар келіп қатыспақ. Австрия, Сауд Арабиясы, Армения, Израиль, Өзбекстан, Ресей мен басқа да мемлекеттердің құрама командалары бұған дейінгі ұлттық химия олимпиадаларында анықталып, іріктелген. Білім бәсекесінде Қазақстан атынан 15 оқушы қатысады.
Балалар арасындағы химиядан халықаралық Менделеев олимпиадасы біздің елімізде осымен төртінші рет өткізіліп жатыр. Бұл жылы негізгі іс-шаралар Астанада өтеді. Атап айтқанда, оқушылар өз білімін техникалық жабдықталуы олимпиада талаптарына сай келетін Nazarbayev University лабораториялары мен аудиторияларында сынға салады, - деді "Дарын" орталығының директоры Гаждембек Тұрсынов.
57-ші Менделеев олимпиадасы үш кезеңнен тұрады. Оның екеуі теориялық және біреуі практикалық сын болып отыр. Олимпиада ұйымдастырушылары ретінде қабылдаушы тараптан Қазақстанның оқу-ағарту министрлігі, Ресей тарапынан М.В.Ломоносов атындағы ММУ-нің химия факультеті мен Андрей Мельниченко атындағы қор енген. Сондай-ақ, олимпиада қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дәрежелері бойынша дипломдар мен медальдар табысталады. Ал абсолютті жеңімпазға жарысты ұйымдастырушылар тағайындаған академик Валерий Лунин атындағы сыйақы берілмек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Орыс тіліне қарағанда қазақ тілін жақсы білемін – Елена Рыбина