instagram.com/akimat__astana

Астанада оқушылар арасындағы "Бұрымды қыз" челленджі басталды

19.09.2024 21:05

Астана қаласының білім басқармасы желі парақшасында "Бұрымды қыз" челленджін бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Арнайы түсірілген видеода оқушы қыздар шашын әдемілеп өріп, оған күміс шашбау тағады. Челлендждің басты мақсаты – жас қыздарды әдемілік пен сымбаттылыққа, тәрбиеге баулу.

Челленджді қолдағандар қатарында № 81 «Astana English school» халықаралық мектебінің оқушылары да бар. Олар желі қолданушыларын өрілген әдемі шашымен қуантып, ою-өрнектері бар ұлттық шаш бұйымдарын көрсетті.

Челленджге түрлі ұлт өкілдері қатысты.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ASTANA (@akimat__astana)