Жаңалықтар

Астанада олимпиадалық спорт түрлерінің дамуына қалай көңіл бөлінеді

Астанада олимпиадалық спорт түрлерінің дамуына қалай көңіл бөлінеді
Фото: Астана қаласы әкімдігі 26.09.2023 08:28 647

2020 жылдың қазан айында Астанада олимпиадалық спорт түрлерін дамыту дирекциясы құрылды. Оның жұмысы қаланың құрама командаларын даярлау арқылы елордада олимпиадалық түрлерді дамытуға бағытталған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дирекция басшысы Олжас Әкімовтің мәліметінше, қазіргі уақытта дирекцияда 3 бағыт бойынша спорт түрлерінің дамуына көңіл бөлінеді:

- жазғы және қысқы олимпиадалық спорт түрлері;
- паралимпиадалық спорт түрлері;
- сурдлимпиадалық спорт түрлері.

Қазір спорттың 55 түрі бойынша спортшылар дайындалуда, оның ішінде: 33 – жазғы олимпиадалық түрлері бойынша, 6 – қысқы, 8 – Паралимпиадалық және 8 – сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша.

Қала құрамасында барлығы 1837 спортшы бар.

Дирекция контингенті үш жас санаты бойынша спорт түрлерінен елорда құрамасы: жасөспірімдер, жастар-жасөспірімдер және ересектер құрамалары. Мәселен, құрамада 755 жас санатындағы спортшы, 568 спортшы – жастар, 514 спортшы-ересектер контингентінің өкілі бар. Қала құрамасында «еңбек сіңірген спорт шебері» атағымен 10 спортшы, «халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағымен 100 спортшы, «спорт шебері» атағымен 237 спортшы, «спорт шеберіне кандидат» спорттық разрядымен 600 спортшы, бірінші спорттық разрядпен 375 адам бар, – деп мәлімдеді спикер.

Дирекцияның 800-ден астам спортшысы – Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшесі.

Астана құрамасының 130 мүшесі 35 спорт түрінен ҚР Ұлттық құрамасының штаттық командасына енгізілді.

Дарынды спортшыларды қолдау аясында 2023 жылы 15 жоғары дәрежелі спортшымен спорттық қызмет туралы шарт жасалды.

111 адам спорттық қызмет нәтижелері үшін ай сайынғы ақшалай қаражат алатын Астана қаласының штаттық командасының құрамына кіреді.

Құрама мүшелері үшін үздіксіз оқу-жаттығу процесін қамтамасыз ету мақсатында Астананың үздік спорт кешендерінде залдар жалға беріледі.

Құрама командалардың спортшыларын даярлаудың негізгі мақсаты – ҚР чемпионаттарының ресми бас жарыстарында, кешенді республикалық және халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болу, – деп түсіндірді спикер.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға