Жаңалықтар

Астанада «Өлең – сөздің патшасы» поэзия кеші өтеді

21.09.2023 05:38 788

Астанада Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Тіл – халық мұрасы» атты Қазақстан халқы тілдерінің қалалық фестивалі аясында «Өлең – сөздің патшасы» поэзия кеші өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Астана қаласы Жазушылар одағының филиалымен бірлесе ұйымдастырылып отырған поэзия кештің негізгі мақсаты – елордадағы жазба ақындардың ана тілі туралы жырларын көпшілікке таныту.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

«Өлең – сөздің патшасы» атты поэзия кеші Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында 21 қыркүйек күні сағат 16:00-де өтеді.
Поэзиялық кеште үздік 15 ақын өз шығармашылығын дүйім жұртқа паш етеді. Олар: Олжас Қасым, Қарлығаш Қабай, Батырхан Сәрсенхан, Ботакөз Мұхиден, Біржан Ахмер, Арман Шеризат, Айдана Сегізбаева, Бекзат Құлшар, Жантас Еркін, Дәулет Телман, Айдын Байыс, Аян Мейраш, Алпамыс Файзолла, Айзада Рақымжанова және Ажар Ерболған.

Қазылар алқасының шешімімен үздік деп танылған жеңімпаздарға және қорытынды кезеңге өткен әрбір қатысушыға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар қарастырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға