Жаңалықтар

Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың тағы бір ескерткішін алып тастады

Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың тағы бір ескерткішін алып тастады
Фото: © El.kz 01.02.2024 11:39 1609

Ұлттық музейдің атриумынан экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін алып тастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚазТАГ тілшісіне сілтеме жасап.

Бұл экспонат (Назарбаев ескерткіші) мұражайдың меншігі болып табылады және зал концепциясының өзгеруіне байланысты Музей қорында сақталатыны белгілі болды.

Шілде айында өтетін Ұлттық музейдің 10 жылдығына орай Мәдениет және ақпарат министрінің тапсырмасы бойынша 2024 жылы отандық және шетелдік сарапшыларды тарта отырып, Мұражай кеңістігін жетілдіру процесі басталған. Дүниежүзілік мұражай тәжірибесіне сәйкес, әрбір мұражай өзінің көрме залдарының концептуалды мазмұны мен көркемдік-стильдік дизайнын әрдайым жаңартып отыруға міндетті, - деп жауап берді музей қызметкерлері.

Айта кетейік, жақында Қорғаныс министрлігіне қарасты университеттің алдында тұрған экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін алып тастағаны белгілі болды. Дегенмен, тұңғыш президентке арнайы қойылған ескерткіштердің саны мұнымен бітпейді. Әр қалада орналасқан ескерткіш тарихына шолу жасаған едік.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға