Астанада Нұрлы елді мекеніне баратын жол уақытша жабылады
28.08.2025 00:21
Фото:
Астана қаласы әкімдігі
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұрлы елді мекеніне баратын жолда жол жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмысы жүргізеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, осыған байланысты аталған учаске 28 және 29 тамыз толығымен жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс кіреберіс балама жолдар арқылы ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, - делінген мәліметте.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

