Жаңалықтар

Астанада нөсер кәрізінен 620 тоннаға жуық лай шығарылды

Астанада нөсер кәрізінен 620 тоннаға жуық лай шығарылды
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 15.09.2023 14:16 950

Астанада биыл нөсер кәрізінен 620 тоннаға жуық лай мен қоқыс шығарылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сондай-ақ жыл басынан бері қалалық желілерге рұқсатсыз қосылу мен тұрмыстық қалдықтарды шығарудың 108 фактісі анықталды.

«Elorda eco system» мекемесі жерүсті ағынды суларды: коллекторлар мен нөсер суының құймаларын, булау құбырларын тазалау, нөсер кәріз жүйелері мен тазалау құрылысын салу және т.б. жаңбыр суы ұңғымалары тазартылды – 3448 дана.; буланған құбырлар – 8 190 м.п.; тазартылған арық желісі – 89 215 м.п.; жуылған коллекторлар – 48 466 м.п. және т.б.

Сондай-ақ қалалық желілерге рұқсатсыз қосылудың 108 фактісі анықталды. Жеке тұрғын үйлердің, кеңселердің және басқа да ғимараттардың иелері тұрмыстық қалдықтарды, құрылыс қалдықтарын, гигиеналық құралдарды және т.б. заңсыз төгіп, нөсер ағындары мен тазарту құрылысының жұмысына шамадан тыс жүктеме түсірген. Анықталған заңсыз байланыстардың бәрі жойылды және жиналған материалдар толықтай тиісті шаралар қабылдау үшін табиғатты қорғау полициясына берілді.

Қалалық желілердің жұмысын жақсарту мақсатында қала әкімдігі нөсер кәріз желілерін және тазарту құрылыстарын салу бойынша жұмыс жүргізуде. Биыл жерүсті ағынды суы үшін 2,5 шақырым магистральдық нөсерлі кәріз желілерін салу жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға