Жаңалықтар

Астанада неше мектеп салынып жатыр

Астанада неше мектеп салынып жатыр
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 25.05.2024 06:37 784

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында оқушылар мен мұғалімдерді оқу жылының аяқталуымен құттықтап, қаладағы салынып жатқан жаңа мектептер туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мектептерде сынып сағаттары өтті, балалар демалысқа шықты. Оқушыларды, ата-аналар мен ұстаздарды оқу жылының аяқталуымен құттықтаймын! Жыл сайын бірінші сыныпқа 20 мыңнан астам оқушы келетінін ескерсек, жаңа мектептер саны бірнеше есеге артты. Қазір біз 100 мыңға жуық оқушы орнына арналған 32 мектептің құрылысын жүргізіп жатырмыз. Оның ішінде жыл соңына дейін мектептердің рекордты санының құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бұл – 64 мыңға жуық оқушыға арналған 23 мектеп (2 ауысымды). Ал «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында – 15 мектеп (Есіл – 6, Нұра – 4, Алматы – 3, Сарыарқа – 2), тағы 5 мемлекеттік мектеп (Нұра – 2, Байқоңыр – 2, Алматы – 1), 3 жекеменшік (Есіл – 2, Алматы – 1), - деп жазды елорда әкімі. 

Ол өз жазбасында жаңа оқу жылының басында 32 мыңға жуық оқушы орнына (2 ауысымда) арналған 12 мектептің құрылысын аяқтауды жоспарлап отырғанын атады. Олардың қатарында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясындағы 8 мектеп бар.

Есіл ауданы – 1 ауысымды 7800 оқушыға арналған 3 мектеп – Орынбор көшесі және №37 «SOHO» ТК, Мәңгілік Ел даңғылы және Е 497 көшесі, Қабанбай батыр және Сығанақ көшелері, «Поколение» ТК. Нұра ауданы – 4000 оқушыға арналған 1 ауысымды 2 мектеп – Төле би көшесі мен 57 учаскесінің қиылысы («Зеленый квартал» ТҮК), Е127, Е368, Е418, Е535 көшесі (Қорғалжын тас жолы ауданы). Сарыарқа ауданы – 4000 оқушы орнына арналған 1 ауысымды 2 мектеп – С-189 көшесі «Земляничная» саяжай алабы, Көктал елді мекені. Алматы ауданы – 600 оқушыға арналған 1 ауысымды 1 мектеп (А.Байтұрсынұлы көшесі, №9). Байқоңыр және Нұра аудандарында тағы үш мемлекеттік мектеп: Байқоңыр ауданында №12 мектеп және №27 мектеп-лицей аумағында қосымша жаңа ғимарат, сол сияқты Нұра ауданының №17 мектеп-гимназия аумағындағы жаңа қосымша ғимарат. Сондай-ақ, Есіл ауданында Ұлы дала даңғылында (Арнау ТК) тағы бір жеке мектеп ашылады. Осылайша, 23 жаңа мектеп арқылы алты мектепте үш ауысымды оқу мәселесін, тағы 9 мектепте шамадан тыс режимі мәселесін шешуді жоспарлап отырмыз», – деп жазды елорда әкімі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға