Жаңалықтар

Астанада неліктен рейстер жиі кешігеді? Әуежай басшысы жауап берді

Астанада неліктен рейстер жиі кешігеді? Әуежай басшысы жауап берді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 23.11.2023 14:53 1185

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Руслан Пыштанов қыста рейстердің жиі кешігуінің себебін түсіндірді, деп хабарлайды  El.kz  ақпарат агенттігі.

Руслан Пыштанов рейстердің кешігуі көп жағдайда ауа райының қолайсыздығы мен ұшақтардың межелі жерден кешігіп келуімен байланысты екенін түсіндірді.

Ұшақтар ауа райының қолайсыздығына байланысты кешігіп келуі мүмкін. Бұл әуежай қызмет көрсетуге дайын емес дегенді білдірмейді. Кейде ауа райы жақсы кездері де ұшақ кешігіп келіп жатады, оның себебі межелі жердегі ауа райының нашар болуынан. Ұшақтардың кешігіп келуі әуежайдың өзіне байланысты емес. Бұл әуе компанияларының жұмысы, - деді ол.

Сондай-ақ ол рейстер кешіктірілген жағдайға жолаушыларға тиісті қызмет көрсетілетінін атап өтті.

Астанада неліктен рейстер жиі кешігеді? Әуежай басшысы жауап берді

Астанада неліктен рейстер жиі кешігеді? Әуежай басшысы жауап берді

Air Astana ҚР заңнамасына сәйкес әуетасымалдаушының кінәсінен рейс кешіккен немесе орындалмаған жағдайда жолаушыларға 2 сағаттан кейін жеңіл тағамдар мен сусындар, 4 сағаттан кейін ыстық тамақ беріледі; трансфер және қонақүйге орналастыру - 6 сағаттан кейін (түнгі уақытта) және 8 сағаттан кейін (күндізгі уақытта); тегін қайта броньдау, сондай-ақ билет құнын толық қайтару (5 сағаттық кешігуден кейін) туралы ескертеді, - деді Руслан Пыштанов.

Астанада неліктен рейстер жиі кешігеді? Әуежай басшысы жауап берді

Астанада неліктен рейстер жиі кешігеді? Әуежай басшысы жауап берді

Осы тұста Корпоративтік коммуникациялар жөніндегі менеджер Тілек Әбдірахимов қыста ұшақтарды мұз бен қыраудан тазалауға және өңдеуге арналған екі машина сатып алынғанын айта кетті. 

Биыл күзде әуе компаниясы екі заманауи мұздануға қарсы машинаны сатып алды және 2025 жылдың соңына дейін тағы төртеуін сатып алуды жоспарлап отыр. Астана әуежайының аумағында Air Astana мұздануға қарсы сұйықтықты сақтауға арналған жеке қойма салуда. Осы және басқа шаралар ауа райының қысқы кезеңдегі рейстердің уақтылы орындалуына әсерін азайтуға бағытталған, - деді Тілек Әбдірахманов. 

Астанада неліктен рейстер жиі кешігеді? Әуежай басшысы жауап берді

Астанада неліктен рейстер жиі кешігеді? Әуежай басшысы жауап берді

Айта кетейік, рейстер кешіккен жағдайда әуе компанияның жедел желісі +7 7272 44 4478 хабарласуға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға