Жаңалықтар

Астанада неліктен бір жолды жылда жөндейді? Министр түсіндірді

Астанада неліктен бір жолды жылда жөндейді? Министр түсіндірді
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ 29.05.2024 11:32 827

Көлік министрі Марат Қарабаев Астанада неліктен жыл сайын бір көшелерге жөндеу жұмыстары қайта-қайта жасалатынын түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжіліс кулуарында БАҚ өкілдері министрге «Астанада неліктен жыл сайын Қабанбай батыр, Мәңгілік ел және Тәуелсіздік көшелеріне жөндеу жұмыстары жасала береді? Жолдың сапасын министрлік қаншалықты бақылауда ұстайды?» деп сұрақ қойды.

Министрдің сөзінше, жолды жөндеу жұмыстарының бірнеше түрі бір. Біріншісі – жыл сайын жасалатын жөндеу жұмысы. Ол кезде шұңқарлар пайда болған жолдар ғана жөнделеді. Яғни, асфальттың беткі қабатына материалдар төселеді. Екіншісі – әр бес жыл сайын жасалатын жөндеу жұмысы. Үшінші түрі – капитальды жөндеу жұмыстары. Ол 15 жыл сайын жасалатын ремонт.

Сіздер жыл сайын көріп жүрген ремонт, яғни шұңқырлар пайда болған жолдарда жасалып жатқан жұмыстар. Бұл табиғи процесс. Бұл жерде бірнеше факторлар бар. Мысалы, жолда үлкен жүк көліктері жүреді. Норма бойынша салмақ 20 тоннаны құрайды. Инертті материалдарды тасымалдайтын үлкен жүк көліктері 100 тоннадан асып жатады. Осылайша, олар жолдарды құртады. Сондықтан бұл көшелерде қосымша жөндеу жұмыстарын талап етеді, - деп түсіндірді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға