Жаңалықтар

АСТАНАДА «МЫҢ БАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МӘДЕНИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН САЛТАНАТТЫ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТУДЕ

АСТАНАДА «МЫҢ БАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МӘДЕНИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН САЛТАНАТТЫ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТУДЕ
29.11.2018 11:20 3245

«QAZAQSTAN» Орталық Концерт залында Қазақстан халқы Ассамблеясының жыл сайынғы «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтуде.

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері, жобаға қатысушылар және жеңімпаздар, мемлекеттік мекемелер, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым, этноағарту кешендерінің әдіскерлері мен оқытушылары, этнос өкілдерінің жастары, жастар ұйымдарының белсенділері мен мүшелері, блогерлер және БАҚ өкілдері қатысуда.

Жеңімпаздарды марапаттау 3 номинация бойынша өтуді: «Асыл сөз» мектебі  - Школа ораторского искусства», «#Еркін сөйле» - Видеороликтер эстафетасы», «Тіл мектебі - Школа языков».

«Мың бала» жобасы 2015 жылдан бері іске асырылып, жыл сайын жобаға қатысушылардың саны ұлғайып келеді. Мәселен, 2017 жылы жобаға 252 мың бала қатысса, осы жылы 271 мың оқушылар қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасы әр түрлі ұлт өкілдеріне қазақ тілін, мәдениетін, Қазақстан халқының дәстүрлерін таныту арқылы балалар мен жастарды оқытуға бағытталған.

Қазақ тілін білетін жобаға қатысушылар эссе, шығарма, диктант жазу және ораторлық шеберліктерін таныту арқылы жарысқа түсті.

Марапаттау салтанатына қатысуға еліміздің барлық өңірлерінен астанаға 48 оқушы мен оқытушылар келді. Осы жылы «Мың бала» жобасы шеңберінде еліміздегі мектептердің белсенді оқушылары, сондай-ақ, мемлекеттік тілдің мұғалімдері, әдіскерлері мен лингвистері де марапатталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға