Астана қалалық әкімдігі

Астанада Мұнайтпасов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 9-12 қыркүйек аралығында Қажымұқан Мұнайтпасов көшесінің Тәуелсіздік даңғылынан М. Жұмабаев даңғылына дейінгі аралығында жолдың жоғарғы қабатын салу жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, осы уақытта автокөлік құралдарының қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.