Жаңалықтар

Астанада мүгедек баланы ұрған тәрбиешіге қатысты сот басталды

Астанада мүгедек баланы ұрған тәрбиешіге қатысты сот басталды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 17.07.2023 21:10 985

Астанада «Балам-ай» мүгедек балаларды әлеуметтік қолдау орталығында тәрбиеленушілерді ұрған тәрбиешіге қатысты сот басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мүгедек балаға күш көрсетті деп айып тағылып отырған әйелдің жасы 33-те. Оның өзі мүгедек болып шықты. Сөйлемейді, құлағы естімейді. Сот залында ол арнайы сурдоаудармашының көмегімен жауап берді. Бірақ күдікті өзіне тағылған айыптардың бірін де мойындамайтынын жеткізді. Сондай-ақ өздерін түсіруге қарсылық білдірді. Судья олардың талаптарын қанағаттандырды.

Айта кетейік, күдіктінің үстінен бастапқыда ҚР ҚК 140-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Тергеу барысында іс ҚР ҚК 110 бабы 2 тармағы бойынша қайта сараланды. Бұл бап бойынша жаза 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе айыппұл қарастырылған, - деді жәбірленуші тараптың қорғаушысы Аржан Сәдуақас.

Естеріңізге сала кетейік, орталықта бейнебақылау камерасына түскен кадрлардағы жайт көпшіліктің жағасын ұстатты

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға