Астанада мектеп оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды
14.01.2024 23:18
Фото:
Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
Елордада аязды ауа райына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ауа райының нашарлауына байланысты 2024 жылғы 15 қаңтарда бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқу форматына көшеді, - деді елорданың білім басқармасы.

