Жаңалықтар

Астанада медициналық кадр мәселесі қалай шешіліп жатыр

Астанада медициналық кадр мәселесі қалай шешіліп жатыр
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты 26.03.2024 11:43 664

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемованың айтуынша, елордада ведомстволық бағынысты мекемелерде дәрігерлік кадр тапшылығы жоқ. Ведомство басшысы жағдай бұрынғыдай күрделі емес деп мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Астана қалалық әкімдігінің мәліметінше, қазір ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдарда 12 мыңға жуық медицина қызметкері жұмыс істейді, оның ішінде 3,5 мың дәрігер бар.

Қазіргі уақытта 83 дәрігер маманы тапшы. Бұл – негізінен учаскелік дәрігерлер. Кадрлардың ауысуы әртүрлі себептермен жүреді. Мысалы, жас маман-әйелдер отбасын құрып, декреттік демалысқа кетеді, тағы бірі басқа мамандықтарға қайта даярланып, бағытын өзгертеді, кейбір дәрігерлер әртүрлі жағдайларда басқа қалаларға, елдерге көшеді, осылайша дәрігер кадрларының жетіспеушілігі қалыптасады. Әрине, басты себептердің бірі – физикалық және психоэмоционалды жоғары жұмыс, - деді спикер.

Рүстемова медицина қызметкерлері үшін халықпен жұмыс істеу қиындай түскенін айтып өтті.

Кейбір азаматтардың жиі агрессивті мінез-құлқы, медицина қызметкерлеріне қатысты қоқан-лоққылар мен қорлау біздің мамандарды жұмыс орындарын өзгертуге мәжбүр етеді. Қарапайым ғана құрмет көрсетілмейтін жерде кім жұмыс істегісі келеді!? Біз қызметкерлерімізге барлық жағынан қолдау көрсетеміз, оларға жұмыс істеу үшін тиісті жағдайлар жасауға тырысамыз және жасаймыз, мемлекеттің арқасында медицина қызметкерлерінің жалақысы қайта қаралып, артып келеді. Өткен жылы дәрігерлердің жалақысы 30%-ға, орта медициналық қызметкерлердің жалақысы 20%-ға өсті. Алайда, бұл мотивация да жеткіліксіз. Халық та денсаулық сақтау саласының мамандарына қамқорлық жасауы қажет. Бұл жерде ортақ жауапкершілік болуы тиіс, - деді Әлия Рүстемова.

Спикер атап өткендей, Денсаулық сақтау басқармасы мамандарды жыл сайын жақын және алыс шетелдердің жетекші клиникаларында оқытады. Оған жергілікті бюджеттен жыл сайын шамамен 200 млн теңге бөлінеді.

Дәрігерлердің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін, оның ішінде жіті тапшы мамандықтар бойынша 2023 жылы жергілікті бюджет есебінен резидентураға 131 грант бөлінді. Сонымен қатар, өткен жылдары резидентураны аяқтап, ведомстволық бағынысты ұйымдарға 246 резидент жұмысқа орналастырылды. Мұның бәрі елордалық медициналық ұйымдарда дәрігерлік кадрлар бойынша тапшылықты іс жүзінде жабуға мүмкіндік берді, - деді Әлия Рүстемова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға