Жаңалықтар

Астанада медицина халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді

Астанада медицина халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі 19.08.2023 18:24 1086

6-8 қыркүйекте Астанада алғаш рет «Орталық Азия онкологиялық апталығы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Конференция барысында хирургияның өзекті мәселелері бойынша Орталық Азияның, жақын және алыс шетелдердің жетекші мамандарымен тәжірибе алмасу, спутниктік симпозиумдар өткізу, қазақстандық тәжірибеге онкологтардың халықаралық тәжірибесін кеңінен енгізу және танымал етуге бағытталған стендтік баяндамалармен танысу және талқылау жоспарланған.

Қазақстан, Өзбекстан, Түркия, Ресей, Беларусь, Ұлыбритания, Германия, АҚШ және Оңтүстік Кореядан спикерлер қатысады деп күтіліп отыр. Конференцияда келесі мәселелерді талқылау жоспарланған: денсаулық сақтау және медициналық құқық, радиациялық онкология және ядролық медицина, онкологиядағы дәрілік терапияға дербестендірілген тәсілдер, онкологиялық науқастарға паллиативтік және қолдаушы көмек, онкологиядағы қарқынды және ноцицептивтік терапия ,әртүрлі локализациядағы ісіктерді емдеудегі хирургиялық тәсілдерді оңтайландыру (сүт безі обыры, онкогинекология, онкохирургия, онкоурология, онкогепатология), онкологиядағы мейіргер ісінің үштігі: практика, білім және ғылым.

Конференцияның барлық күндері медициналық техниканы, дәрілік препараттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіруші жетекші фирмалардың көрмесі жұмыс істейтін болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға