Жаңалықтар

Астанада марафонға байланысты бірнеше көше жабылады

Астанада марафонға байланысты бірнеше көше жабылады
Фото: Астана қалалық әкімдігі 29.08.2024 13:52 432

31 тамыз күні елордада «Saryarqa Run» спорттық марафонының өтуіне байланысты бірнеше көше жабылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана әкімдігінің мәліметінше, 31 тамыз күні сағат 8:00-ден 10:00-ге дейін мына көшелер жабылады:

- Бейбітшілік көшесі Кенесары көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейін;

- Ә. Жангелдин көшесі Бейбітшілік көшесінен Жеңіс даңғылына дейін;

- Жеңіс даңғылы Бөгенбай батыр даңғылынан С. Сейфуллин көшесіне дейін;

- С. Сейфуллин көшесі Бейбітшілік көшесінен Қ. Күмісбеков көшесіне дейін;

- - Қ. Күмісбеков көшесі А. Жангелдин көшесінен Кенесары көшесіне дейін;

- Кенесары көшесі Қ. Күмісбеков көшесінен М. Әуезов көшесіне дейін;

Қатысушыларға ыңғайлы болу үшін Бейбітшілік көшесі, 9 ғимаратының жанында автотұрақ ұйымдастырылып, Т. Бигелдинов көшесі жағынан келу жүзеге асырылатынын атап өткен жөн.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға