Жаңалықтар

Астанада Мәңгілік ел даңғылына Bus Lane енгізеді

Астанада Мәңгілік ел даңғылына Bus Lane енгізеді
Фото: ©El.kz 26.06.2024 10:25 693

Мәңгілік ел даңғылының бойында Ұлы дала даңғылынан Керей Жәнібек хандар көшесіне дейінгі бөліктегі екі бағытта Bus Lane іске қосу жоспарланып отыр. Бұл шамамен 10 шілдеге қарай іске асырылады. Бұл туралы  CTS-ке сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қоғамдық көлік үшін бөлінген жолақты енгізуді әзірлеу кезінде жолдың жүктемесі және көше-жол желісінің техникалық мүмкіндігі ескерілді.

Қазіргі уақытта Мәңгілік ел даңғылы – қала тұрғындары тығыз орналасқан аудан. Бұл даңғылмен 20 бағдар жүреді. Қаланың басты даңғылының жолаушылар ағыны тәулігіне 88 мың адамды құрайды.

Бұл қаладағы 28-і Bus Lane болмақ. Қазіргі уақытта көрсетілген учаскеде жолақтарды сызу және жол белгілерін орнату жұмысы жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға