Жаңалықтар

Астанада Мәңгілік Ел даңғылы бірнеше күнге жабылады

Астанада Мәңгілік Ел даңғылы бірнеше күнге жабылады
Фото: CTS компаниясы 13.08.2024 13:40 451

Астанада LRT құрылысына байланысты 16-19 тамыз аралығында Мәңгілік Ел даңғылының бір бөлігі екі бағытқа да жабылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

LRT құрылысы бойынша жұмыстар жүргізу жоспарына сәйкес, Астана қаласы полиция департаментінің келісімі бойынша, 16 тамыздан сағат 00:00-ден бастап (15-нен 16-на қараған түні) 19 тамыз сағат 06:00-ге дейін, Мәңгілік ел даңғылы бойымен, Сығанақ көшесімен қиылысында, екі бағытта қозғалысты жабу жоспарланған (сызбаға сәйкес).

Бұл ретте оңтүстік және солтүстік бағыттағы бұрылыс съездері ашық болады. Қоғамдық көлік қозғалысы Түркістан және Ақмешіт көшелері арқылы жүзеге асырылады.

Қала тұрғындары мен автокөлік иелерін түсіністікпен қарауды және өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - делінген хабарамада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға