Астанада Мәмбетов көшесінің учаскесі жөндеуге жабылады
06.05.2024 13:04
Фото:
©El.kz/Арман Мухатов
Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ә.Мәмбетов көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты 6-8 мамыр аралығында Ә.Мәмбетов көшесінің Кенесары көшесінен Бұқарбай батыр көшесіне дейінгі учаскесінде қозғалыс толығымен жабылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды, сондай-ақ жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарау сұралады.

