Астанада LRT құрылысына байланысты жол жабылады
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
10.07.2023 17:12
1048
Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
LRT желісі құрылысының аумағын дайындау шеңберінде Сығанақ көшесінің бойында Министрліктер үйі мен «Қазақстан» ОКЗ ауданында инженерлік желілерді қайта орнату жұмыстары жүргізілуде.
Осыған байланысты, 2023 жылғы 10 шілдеден 15 тамызға дейін Сығанақ көшесінен Есіл өзені арқылы өтетін көпір ауданында «Қазақстан» ОКЗ және Министрліктер үйі жағына қарай көлік қозғалысына ішінара шектеу енгізіледі, - делінген мәліметте.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға