Астанада LRT құрылысына байланысты Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі жабылады
01.09.2024 07:35
Фото:
©El.kz/Арман МУХАТОВ
2 қыркүйек сағат 00:00-ден 5 қыркүйек күні сағат 00:00-ге дейін Қабанбай батыр даңғылы бойымен «Астана жұлдызы» айналмасынан Мәңгілік Ел даңғылының қиылысына дейінгі аралықта көлік қозғалысы толығымен жабылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жауаптылар тұрғын үй кешендері мен жолдың жабылған бөлігіне іргелес аумақтардың тұрғындары үшін арнайы өткел ұйымдастырылатынын атап өтті.
LRT құрылыс жұмыстарының жоспарына сәйкес, аталған кезеңде металл құрылымдарды бөлшектеу және құрастырмалы темірбетон арқалықтарды орнату жұмыстары жүргізіледі. Жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауыңызды, келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз,-делінген City Transportation Systems ЖШС мәліметінде.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

