Жаңалықтар

Астанада LRT пойызы операторлары оқытылады

Астанада LRT пойызы операторлары оқытылады
Фото: clrt.kz 04.11.2024 17:36 411

Астанада жеңіл рельсті көлік желісінде жұмыс істейтін пойыз операторларын (машинист) оқытуға алдын ала қабылдау басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

LRT құрамдары толығымен автоматтандырылған және пилотсыз жүреді. Ал операторлар LRT пойыз операторлары жолаушылардың қауіпсіздігін және пойыздың техникалық жағдайын бақылайды.

Негізгі міндеттері:

  • барлық қауіпсіздік нормаларын қадағалау;
  • автоматтандырылған басқару жүйесінің жұмысын үздіксіз бақылау;
  • ақауларды анықтау және жою;
  • вагондардың электрлі жылытуды/желдетуді сақтау;
  • жолаушыларды отырғызып/түсіру тәртібін реттеу;
  • жылжымалы құрамның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.
Оқу мерзімі – 1 жыл. Оқу ақысы да төленеді. Одан кейін Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа қабылдайды.
 
Негізгі мақсатымыз – мамандандырылған компанияны жұмысқа тартпай, LRT жүйелерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу дағдыларын үйрету (ағымдағы және күрделі жөндеу). Оқыту нәтижесі бойынша LRT басқаруға арналған халықаралық үлгідегі сертификат беріледі. Ал жұмыс ауысымдық кесте бойынша жүзеге асырылады, - дейді компания мамандары.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • темір жол көлігі саласындағы жоғары білім;
  • жұмыс тәжірибесі локомотив машинисі лауазымында кемінде 3 жыл/локомотив машинисі көмекшісі ретінде кемінде 5 жыл.

Түйіндеме CTS ресми сайты арқылы қабылданады. Ал сұрақтар болса, +7 (7172) 577 177 (ішкі 102) телефонына хабарласуға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға