Елордадағы Кабанбай батыр даңғылы бойында «Астана жұлдызы» стелласы маңындағы №104 және №105 станциялары арасындағы жол учаскесінде LRT жүйесінің үшінші пойызы эстакада жолына көтерілді. Құрам төрт вагоннан тұрады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
LRT құрамын көтеру жұмыстары жүйенің сынақ учаскесін кеңейту аясында жүргізілуде. Бұл жоба қала инфрақұрылымының жаңа кезеңіне қадам басып, көлік жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Айта кетсек, 18 қазан күні сағат 11:00–13:00 аралығында Шәмші Қалдаяқов көшесі мен Тәуелсіздік даңғылының қиылысында, №113 (Министрліктер үйі) және №114 (Ұлттық музей) станциялары арасындағы учаскеде төртінші LRT құрамы орнатылады.
Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша, бұл жұмыстар LRT желісінің толыққанды іске қосылуына дайындық кезеңінің маңызды бөлігі болып табылады.

