Видеодан кадр

Астанада күзетші тұрғын үйдің 20-қабатында тұрған 10 жастағы қызды құтқарды

20.09.2023 13:50

19 қыркүйек кешкі сағат 16:00 шамасында Астанадағы "Highvill Astana" тұрғын үй кешенінің С блогында 20 қабаттың карнизінде кішкентай қыз ілініп тұр деген хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды El.kzақпарат агенттігі.

Instagram әлеуметтік желісінде белгілі блогер оқиғаның қалай болғанын жазып, бейнежазбасын жариялады.

Күзетші дереу 20 қабатқа көтеріліп, қыз құлағалы тұрған пәтерге кірген. Содан кейін баланы карнизден көтеріп, терезеден кіргізіп алған. Шүкір, баланы аман алып қалды. Шамамен 10 жастағы қыз екен. Үйде сол кезде әжесі де болған екен, - деп жазды ол.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Батырдың парақшасы? (@batyr_bloger)

Қазіргі уақытта баламен бәрі жақсы, ол ата-анасына берілді.