Жаңалықтар

Астанада күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды

Астана қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ересектер арасында Азия чемпионаты өтуде
Астанада күрес түрлерінен  Азия чемпионаты басталды
Фото: instagram.com/drs_kz 09.04.2023 15:35 2308

Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ересектер арасында Азия чемпионаты басталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Бес күнге созылатын бәсекеге құрлықтағы 24 елден 300-ден аса спортшы қатыспақ. Бұл қатарда Олимпиада, Әлем және Азия чемпиондары бар. Чемпионатты грек-рим күресінің шеберлері бастайды.

Қазақстан құрамасы: 55 келі - Аманғали Бекболатов (СҚО), 60 келі - Ернұр Фидахметов (ШҚО), 63 келі - Мұхамедәлі Мамырбек (Шымкент қаласы), 67 келі - Алмат Кебіспаев (Қарағанды облысы), 72 келі - Ибрагим Магомадов (Қарағанды облысы), 77 келі - Демеу Жадыраев (Алматы облысы), 82 келі - Диас Қален (Жетісу облысы), 87 келі - Нұрсұлтан Тұрсынов (Абай облысы), 97 келі - Олжас Сырлыбай (Қызылорда облысы), 130 келі - Әлімхан Сыздықов (Шымкент қаласы).

Ал 11-12 сәуір әйелдер күресі. Салмақ дәрежелері бойынша 1-күні: 50, 55, 59, 68 және 76 келідегі спортшыларымыз күрессе, 2-күні: 53, 57, 62, 65 және 72 келі салмақта балуандар бақ сынайды.

Еліміздің әйелдер құрамасы: 50 келі - Эллада Махяддинова (Ақмола облысы) 53 келі - Алтын Шағаева (Алматы облысы), 55 келі - Марина Седнева (Алматы облысы), 57 келі - Нилуфар Раимова (Түркістан облысы), 59 келі - Диана Каюмова (Астана қаласы), 62 келі - Ирина Кузнецова (Ақмола облысы), 65 келі - Альбина Қайыргелдинова (Ақмола облысы), 68 келі - Елена Шалыгина (Шымкент қаласы), 72 келі - Жамила Бақбергенова (Астана қаласы), 76 келі - Эльмира Сыздықова (Қарағанды облысы).

Сәуірдің 13 мен 14 аралығында еркін күреспен жарыс өз мәресіне жетпек. 13 сәуірде 57, 65, 70, 79 және 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі балуандар өнер көрсетсе, одан кейін 61, 74, 86, 92 және 125 келіге дейінгі салмақ дәрежедегі спортшылар күреседі.

Еркін күрестен Ұлттық құрама: 57 келі - Рахат Қалжан (Жамбыл облысы) 61 келі - Нұрболат Әбдуалиев (Түркістан облысы), 65 келі - Мұхтар Санжар (Жамбыл облысы), 70 келі - Санжар Досжанов (Астана қаласы), 74 келі - Дархан Есенғали (Шымкент қаласы), 79 келі - Болат Сақаев (Атырау облысы), 86 келі - Азамат Дәулетбеков (ШҚО), 92 келі - Ризабек Айтмұхан (Алматы қаласы), 97 келі - Бекзат Үркімбай (Астана қаласы), 125 келі - Юсуп Батырмурзаев (Ақтөбе облысы)

Күн сайын күндізгі сессия сағат 11:30-де (алдын ала, жартылай финал және жұбаныш белдесулері), кешкі сессия 18:00-де (1-ші және 3-ші орын үшін) басталады. Азия чемпионатын «Қазспорт» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға