Астанада көшпенділер ойындарына байланысты оқушылардың каникулы ұзартыла ма
Мөлдір Қайнар тілші
Астана әкімдігі елордада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына байланысты оқушылар мен студенттердің жазғы каникулының ұзартылмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы қала билігі Telegram-арнасында тиісті мәлімдеме жасады.
Жаңа оқу жылы (мектеп оқушылары, студенттер) штаттық режимде 1 қыркүйек күні басталады. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының өтуіне байланысты жазғы демалыс ұзартылмайды, - деді әкімдік.
Айта кетсек, бұған дейін Астанада осы спорттық іс-шараға байланысты оқу жылының басталуын 1 қыркүйектен кешіктіру мүмкіндігі қарастырылып жатқаны хабарланған болатын.

