ҚР ТЖМ / Видеодан алынған кадр

Астанада көшенің ортасында көлік өртенді

11.12.2024 23:17

Елордалық құтқарушылар жанып жатқан автокөлікті сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, бүгін Нұра ауданы Төле би және Сығанақ көшелерінің қиылысында жеңіл автокөлік жанған. Өрт жедел сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ автокөлік иелерін қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады:

  •  жылдың суық мезгілінде қозғалтқышты жылыту үшін ашық от көздерін пайдаланбаңыз;
  •  автомобильдің техникалық жай-күйін ұдайы қадағалап отырыңыз;
  •  автомобильдің тұтануының бастапқы кезеңінде өрт сөндіргіштің көмегімен отты жоюға тырысыңыз;
  •  егер құтқарушылардың көмегі қажет болса, «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.