Астанада көпқабатты үйден шыққан өрт сөндіріліп жатыр
22.06.2024 16:41
Фото:
ТЖМ баспасөз қызметі
Астанада көпқабатты үйден шыққан өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Нақтыланған мәлімет бойынша ғимараттың сыртқы қаптамасы отқа оранған. Оқиға орнында өрт сөндірушілер 3 ранг бойынша жұмыс істеуде.
Тілсіз жауды ауыздықтауға 16 бірлік техника мен 72 адам жұмылдырылған. Ғимарат әкімшілік және ішінара тұрғын үй ретінде қолданылған. Оқиға орнында штаб құрылды. Эвакуациялау жүргізілуде. ТЖМ құтқарушылары 8 адамды, оның ішінде 1 баланы эвакуациялады, - деп мәлімдеді төтенше жағдайлар министрлігі.
Өрт кезінде зардап шеккендер туралы дерек тіркелген жоқ.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

