Астанада көпқабатты үй жертөлесіндегі наубайхана өртенді
03.03.2025 19:22
Фото:
Төтенше жағдайлар министрлігі
Астанада 6 қабатты тұрғын үйдің төменгі қабатындағы наубайханада өрт шықты. ТЖМ мәліметіше, ғимараттың жертөлесінде сөрелер жанған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға Алматы ауданы Қ.Рысқұлбеков көшесі бойында болған. Қызыл жалын 20 шаршы метр алаңды шарпыған. Төтеншеліктер өртті оқшаулап, кейіннен толығымен сөндірді. ТЖМ өрт сөндірушілері оттан 5 газ баллонын қауіпсіз аймаққа алып шықты.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

