Видеодан кадр

Астанада көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты

08.10.2024 23:37

Астанада көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде өрт шықты. Оқиға Байқоңыр ауданы Ғабдуллин көшесі бойында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шақырту бойынша өрт сөндірушілер дереу жетті. Қызыл жалын сағат 22:49 толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің ауданы анықталуда. 

Төтеншеліктер оқиғаның мән-жайы анықтап жатыр.