Астанада Конституцияның 30 жылдығына орай тазалық акциясы өтті
EL.KZ Информационно-познавательный портал
Елордадағы «Ұлы Дала елі» монументінің маңында «Таза Қазақстан» республикалық экобастамасы аясында және Конституцияның 30 жылдығына орай сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Тазалық акциясын қала әкімдігіне қарасты Біріккен музейлер дирекциясының қызметкерлері «Ұлы Дала елі» монументі жанында өткізді.
Менің ойымша, «Таза Қазақстан» акциясының бірнеше мақсаты бар. Біріншіден, ол – елорда тазалығына үлес қосатын қоқыс жинау шарасы. Екіншіден, халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған іс-шара. Біздің мекеме қаладағы монументалды ескерткіштердің сақталуын қадағалайтындықтан, сенбілікті «Ұлы Дала елі» монументі жанында өткізу туралы шешім қабылданды, – деді тарихи-мәдени мұра нысандары мен ескерткіштердің сақталуын қамтамасыз ету орталығының қызметкері Қабиден Қуанышбай.

