Астанада Конституция күніне арналған мерекелік концерт өтті
30.08.2025 15:43
Фото:
©El.kz
Ата Заң – еліміздің басты құндылығы, мемлекетіміздің тұрақтылығы мен бірлігінің кепілі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мерекелік кеште Қазақстанның халық әртістері Айгүл Қосанова мен Майра Мұхамедқызы, сондай-ақ Сәкен Майғазиев, Өзгеріс Шерікбай, Салтанат Ерсұлтан өнер көрсетті. Концертке Мемлекеттік күзет қызметінің Президент оркестрі, "Түркістан" этно-ансамблі және "Contrasst" би театры да қатысты.
Көрермендерге патриоттық рухтағы әндер мен халықтық туындылар ұсынылып, ұлттық нақыштағы сахналық безендіру, LED-инсталляциялар және заманауи техникалық шешімдер мерекелік атмосфераны айқындай түсті.
"Әділет тірегі – Ата Заң" концерті – ел бірлігін дәріптеп, рухани құндылықтарды насихаттаған маңызды мәдени шара болды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

