Жаңалықтар

Астанада көлік ұрлаған күдікті Өзбекстанда ұсталды

Астанада көлік ұрлаған күдікті Өзбекстанда ұсталды
Фото: © Polisia.kz 09.11.2023 11:41 949

Көлік ұрлығы үшін іздеуде жүрген күдікті Өзбекстанда ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жедел іздестіру іс - шаралары барысында Ташкент облысының Нұравшан қаласында Павлодар жедел уәкілдері осы елдің 27 жастағы азаматын ұстады. Ол бес жыл бойы автокөлік ұрлағаны үшін іздеуде жүрген.

2018 жылдың желтоқсанында ер адам Астана қаласындағы базарлардың бірінен Lada Priora автокөлігін айдап кеткені анықталды.

Сот оның әрекеттері үшін бас бостандығынан айырды. Босатылғаннан кейін, заңда белгіленген мерзімде Екібастұз қаласының полициясына есепке тұрған жоқ. Осыған байланысты халықаралық іздестіру жарияланды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға