Жаңалықтар

Астанада көктайғақтың алдын алу үшін не істеледі

Астанада көктайғақтың алдын алу үшін не істеледі
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 14.02.2024 01:34 642

Астанада толассыз жауған қардың соңы жаңбырға ұласып, ауа райы күрт өзгерді. Осыған байланысты қаланың мемлекеттік қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Биыл ақпан айының басынан бері тротуарлар мен жолдарға 6 мың тоннадан астам құм-тұз, техникалық тұз және басқа да реагенттер себілді. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер жолындағы мұз да тазартылып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Таңертеңнен бастап қаланы қардан тазалау жұмысына 2,4 мыңнан астам жол жұмысшы мен 1,5 мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды. «Қазгидромет» мәліметінше, 1-12 ақпан аралығында 22 мм-ден астам жауын-шашын жауды, бұл айлық нормадан 5 мм-ге артық. Екі аптаға жуық уақытта коммуналдық қызметтер 1,1 миллион текше метрден астам қар шығарды.

Өткен түнде коммуналдық қызметтер елордадан 38 мың текше метрге жуық қар шығарды. Бұл 2,7 мыңнан астам ауыр жүк көлігіне тең.

Қыс мезгілінің басынан бері бас-аяғы 325,7 мың рейс арқылы қала сыртындағы полигондарға 4,4 миллион текше метрден астам қар шығарылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға