Жаңалықтар

Астанада «Koktal Run» жүгіру марафоны өтеді

Астанада «Koktal Run» жүгіру марафоны өтеді
Фото: instagram.com/akimat__astana 14.10.2024 22:04 570

Астанада Республика күніне орай «Koktal Run» жүгіру марафоны өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жүгіру марафоны 19 қазанда Сарыарқа ауданында ұйымдастырылады. Қала әкімдігі бұл шараға жеңіл атлетиканы ұнататын әрбір тұрғын қатыса алатынын атап өтті.

Жүгіру қашықтығы:

1. Балалар (14 жасқа дейінгі ұлдар): 2 км;

2. Балалар (14 жасқа дейінгі қыздар): 1 км;

3. Ересектер (18-49 жасқа дейінгі ерлер): 5 км;

4. Ересектер (18-49 жасқа дейінгі әйелдер): 5 км.

5. 50 жастан асқан ерлер/әйелдер (5 км қашықтық);
Қатысушылар саны – 500 адам.

Күні: 19.10.2024, сағ. 09:00, марафонға тіркеу: 14-18 қазан.

Өтетін орны: «Көктал» саябағы, Бейбарыс көшесі.

Марафон соңында балалар мен ересектер арасында 1-2-3 орындарға қатысушылар марапатталады. Марафон жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медаль және бағалы сыйлыққа ие болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға