Жаңалықтар

Астанада Көктал-1 шағын ауданының тұрғындары газсыз қалды

236 абонент газсыз отыр
Астанада Көктал-1 шағын ауданының тұрғындары газсыз қалды
29.11.2022 03:17 1157

Астанада Көктал-1 шағын ауданының тұрғындары газсыз қалды. Бұл туралы  El.kz ақпараттық агенттігі «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясына сілтеме жасап хабарлайды.

«Сағат 18.40-та «Газовик» ЖШС-нің құрылыс техникасы жұмыс істеп жатқан кезде Шұғыла көшесі- 24 мекенжайындағы орташа қысымды, диаметрі 225 мм болатын газ құбырына зақым келді. Бұл құбыр №14,15,16 газ тарату пунктерін табиғи газбен қамтамасыз етеді. Соның салдарынан Көктал-1 шағын ауданына газ беру толығымен тоқтап қалды. 236 абонент газсыз отыр. Газ беру аварияның салдарын жойылғаннан кейін қалпына келтіріледі», - делінген компания хабарламасында.

Ұйым өкілдері аталмыш шағын аудан тұрғындарынан авариялық карандарды жауып ұстауды сұрап отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға