Жаңалықтар

Астанада кімдер кітапханаға жиі баратыны айтылды

Астанада кімдер кітапханаға жиі баратыны айтылды
Фото: © ОКҚ 11.08.2023 16:24 1155

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мекемесінің басшысы Гүлбадан Мадибаева айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Деректерге сәйкес, кітапханаға қала тұрғындарының жалпы санына шаққанда орта мектеп оқушылары жиі барады – 29%, студенттер – 22%, сондай -ақ қаланың колледж студенттері – 18%.

Қазіргі заманғы кітапханалар заман талабына сай, қоғам сұранысына ие болу жолында көп күш-жігер жұмсайды. Біз барлық қала тұрғындарына білім алу, қарым-қатынас жасау, шығармашылық орта қалыптастыруда ашық алаңға айналдық, - деген ойымен бөлісті Мадибаева.

Елордалық кітапханалардың қызметкерлері оқырман арасында қызығушылықтар мен қажеттіліктерді анықтау, кітапхана қызметтерінің сапасын бағалау үшін сауалнама жүргізеді.

Қазіргі заманғы кітапханалар тек оқу залдары ғана емес, сонымен қатар сабақтарға, демалуға, араласуға, бұқаралық іс-шаралар өткізуге арналған кеңістігі бар коворкинг-орталықтарға айналған. Кітапхана пайдаланушылары үшін қызығушылықтары бойынша клубтар жұмыс істейді: шахмат, поэтикалық, тілдік курстар, - деп атап өтті.

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің басшысы. Кітапханашылар уақыт талабына сай шығармашылық формаларды, жұмыс әдістерін жаңартуда үнемі ізденісте жүреді. Гүлбадан Мадибаеваның айтуынша, бүгінде елордада оқырмандар жақсы көретін «Әлемді үлкен кітапханаға айналдырайық: BookСrossing» жобасы жұмыс істейді. Бұл – бейтаныс адамдар арасында кітап алмасу процесі. Буккроссингтің мәні қарапайым – «оқыдың - басқасына беріңіз». «Кітапхана – білімге тарту орталығы» кітапханалық жобасы қалалық кітапханаларды көпфункционалды, көп деңгейлі маңызы бар заманауи кітапханаларға айналдыру ретінде іске қосылған.

Осы жоба аясында №15 көпшілік кітапхана базасында және Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Замандас - 21» ҚБ-мен бірлесіп аз қамтылған, көп балалы отбасыларына арналған балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық даму орталығы ашылды. Бүгінгі таңда кітапханалардың базасында 30 үйірме және қызығушылық клубтары жұмыс істейді. № 5көпшілік кітапханада «Табысқа жету жолы» іскерлік әдебиетті сүйетіндер клубы жұмыс істейді. №3 көпшілік кітапханасы апта сайын сурет салу, ересектер мен балаларға арналған арт-терапия отырыстарын өткізеді. №12 көпшілік кітапханада «Тілдік қоғамдастық» клубы мемлекеттік тілді оқытуға ықпал етеді. №4 балалар кітапханасының «Почемучка» клубында жас оқырмандар өсімдіктер мен жануарлар әлемі туралы көбірек біледі.

Зағип және нашар көретін адамдарға арналған мамандандырылған кітапханада «Брайлист» клубы жұмыс істейді. Қатысушылар Брайль бойынша бедерлі-нүктелі қаріппен оқытылады.

Елорда кітапханаларының бүгінгі жұмысына баға беретін болсақ, қала тұрғындарының бос уақытын ұйымдастыру, зияткерлік және мәдени деңгейін арттыруға деген қызметтердің үлкен спектрінің қолжетімділігін және шығармашылық әлеуетті көтеруді көздеген оқу залдарын атап өтуге болады, - дейді Гүлбадан Мадибаева.

Астана қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жалпыға қолжетімді біртұтас құрылымдағы 18 кітапханадан тұратын мекеме, оған 11 көпшілік, 6 балалар және 1 көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана кіреді. Жалпы кітап қоры 740 мыңнан астам кітапты, оқырмандар саны 80 мыңнан астам адамды құрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға