Жаңалықтар

Астанада ҚХА бастамасымен 5-7 мамырда велоспорттан жарыс өтеді

Астанада ҚХА бастамасымен 5-7 мамырда велоспорттан жарыс өтеді
04.05.2019 00:00 4956

5-7 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы «ASTANA» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның «Астана орманы» ЖШС-нің жүлделері үшін тас жолдағы велосипед спортынан республикалық жарыс өтеді. Велосайыс Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Жаңғыру жолы» жастар қанатының бастамасымен ұйымдастырылған.   

Қазақстандағы Жастар жылына арналған бұл жарыстың мақсаты велосипед спортын оқушылар мен жастар арасында кеңінен танымал етіп, жас велошабандоздардың шеберлігін арттыру; «Нұр-Сұлтан – есірткісіз қала» бағдарламасын жүзеге асыру және үміт күттіретін спортшыларды айқындап, құрама команда жасақтау болып табылады.

Жарысқа қатысушы 2003–2004 жылдары және 2005–2006 жылдары туған жас жігіттер мен қыздарға Нұр-Сұлтан қаласы, «ASTANA» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның «Астана орманы» ЖШС түрлі жүлделер тағайындап отыр.     

Сондай-ақ 2007 жылы туған және жасы одан кіші спортшыларға арналып «Ұмытпаймыз, қадірлейміз, мақтан етеміз!» деген ұранмен тас жолдағы велосипед спортынан Нұр-Сұлтан қаласының ашық чемпионаты ұйымдастырылмақ. Велобәйге Екінші дүниежүзілік соғысындағы Жеңістің 74 жылдығына арналады. 

Жарыс 5 мамыр күні сағат 12.00-де салтанатты түрде ашылады. Оған 100-ден астам спортшы қатысады. Салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Юсуп Келигов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Қаналимов, Нұр-Сұлтан қаласы мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов, велосипед спортынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік жаттықтырушысы Талғат Көлбаев қатысады. 

Сайыстар  жеке жарыс, топтық жарыс, критериум жарысы түрлері бойынша өтеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 7 мамыр күні анықталып, марапатталады. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға