Жаңалықтар

Астанада кез келген бапкерге өз шәкіртін тегін дайындауға мүмкіндік жасалды

Біз үшін әрбір спортшының жеткен жетістігі өте маңызды.
Астанада кез келген бапкерге өз шәкіртін тегін дайындауға мүмкіндік жасалды
Фото: дереккөз 09.10.2022 06:40 1188

Астана қаласы әкімдігінің Спортты олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясының қолдауымен Елордада орналасқан үш жаттығу залында кез келген жаттықтырушы өз шәкірттерін тегін дайындай алады, деп хабарлайды EL.KZ.

Қазіргі таңда мұндай мүмкіндік елордада жергілікті аккредиттелген федерациялардың құрамына кіретін кез келген спорт түрінің жаттықтырушыларына беріліп отыр.

Біз үшін әрбір спортшының жеткен жетістігі өте маңызды. Осыған сәйкес Астана қаласында орналасқан үш жаттығу залы, яғни «Байқоңыр» жекпе-жек орталығы, Астана - Арена стадионындағы жауынгерлік өнер орталығы, жекпе-жек орталығы. Аталған үш залда әрбір спортшының жайлы, әрі еркін жаттығуы  үшін барлық жағдай жасалған. Жеке киім шкафтарынан бастап, жаңа заман талабына сай жасалған апараттарға дейін жұмыс жасайды. Оған қоса, кез-келген уақытта, кез-келген жаттықтырушы келіп, спортшылармен, чемпиондармен қосымша жаттығу жұмытарын жүргізе алады. Бұқаралық спортты дамытып, ел намысын, ер намысын қорғайтын мықты спортшыларды біздің орталықта жаттықтырып, жеңіс тұғырында көк туымызды бірге желбіретейік, - дейді Астана қаласы әкімдігінің спортты олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясының баспасөз хатшысы Айдана Жеңісбаева.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға